Белгілі ресейлік «файтер» Хабиб Нурмагомедов Алматы қаласына семинар өткізу үшін келді.

UFC жұлдызының Алматыға келуі нағыз ажиотаж болды. Хабибті өз көзімен көру үшін талай алматылықтар Royal Tulip қонақ үйіне жиналды.

- Қазақстанда мені үнемі жылы қарсы алады. Алматыда бірінші рет емеспін. График ауыр, соған қарамастан мұнда келуге уақыт таптым. Барлықтарыңызға көп рахмет айтқым келеді, - деді Нурмагомедов.

Хабибтен өзге Алматыға ММА «файтерлері» Абубакр Нурмагомедов, Зубайра Тухугов және Ислам Махачев келді.