Ережесіз жекпе-жектен UFC спортшысы Нейт Диаз кәсіпқой боксқа ауысуға дайын екенін айтты.

- МакГрегордың боксшы боламын деген әңгімесі өтірік. Рас болса, мен де Калифорнияда боксшы лизенциясын алуға дайынмын. Негізі, менің UFC-ден кетейін деп жүргеніме бірнеше жыл болды. Әлі күнге дейін келісімшартты бұзалмай жүрмін. Егерде, UFC МакГрегорге бокста бір жекпе-жек өткізуге мүмкіндік берсе, мені де ешкім тоқтата алмайды. ММА-ден шаршадым, бала кезімнен боксшы болғым келетін.

МакГрегорға қарсы бокс кездесуі дейсіз бе? Мен оны UFC 196 мен UFC 202 турнирінде жеңдім. Бірінші кездесуде менің соққыларыма төтеп бере алмай, ұтылған болатын. Қарымта матчта да менен талай соққы жеді. Менің арқамда МакГрегор соққы жіберуден UFC рекордын жаңартты, - деді Нейт Диаз mmafighting сайтына.