АИБА-ның твиттерінде 2016 жылдың үздік боксшысына жасалған сауалнама аяқталды.

Нәтижесінде, өзбек боксшысы Хасанбой Дусматов оқ бойы озып шықты. Оны дауыс берушілердің 77%-ы үздік деп таңдаған.

Қазақстандық Данияр Елеусіновке қатысушылардың 18%-ы дауыс берсе, кубалық Робейси Рамиреске – 5%.