UFC президенті Дана Уайт бокстың қазіргі жағдайына тоқталып, қазақстандық Геннадий Головкин туралы айтып өтті.

«Головкинге таң қаламын. Шамасы, қазір жұдырықтасып жүргендердің ішіндегі жалғыз нағыз боксшы осы GGG шығар. Қалғандарын қорқақ деп есептеймін. Оларды мықты қарсыластан қорғап жүрген промоутерлер де қорқақ. Бүгінде үздіктер үздіктермен жұдырықтаспайды, мұның бәрі боксты құртады, ешқандай маңызы жоқ кездесулер көбейіп кетті. Бұл спорт Головкин мен сол секілділердің арқасында тірі болып тұр», - деді Уайт.