Ресейлік ММА одағының президенті Ф. Емельяненко Грозный қаласындағы жекпе-жектер кешінде Рамзан Қадыров ұлдары төбелеске шықса да ережелерге өзгертулер егізілмейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол Қадыров екеуінің арасында ешқандай алауыздық жоқ екенін атап өтті. «Ешқандай қақтығыс болған жоқ. Мен заң бұзушылық туралы ғана ескерту жасадым. Болғаны. Спорт министрлігімен бекітілген ережелер бар. Балалар үшін бөлек ерешелер бар. Жасөспірімдер үшін өзгешелеу және ересектердің шарттары басқа. Оларға ешқандай өзгертулер енгізілмейді» - деді Емельяненко «Известия» басылымына.