«ОҢ ТВ» телеарнасы бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының екі ойынын көрсетеді.

Телеарна Францияда өтетін «Лион» - «Севилья» матчын тікелей эфирде көрсетпек. Трансляция Астана уақытымен 01:30-да бастау алады.

Ал 03:40-да «Реал Мадрид» пен «Боруссия» арасындағы ойынның жазба нұсқасын тамашалауға болады.