Формула-1 жарысының 2016 жылғы әлем чемпионы, «Мерседестің» шабандозы Нико Росберг Венадағы FIA Gala рәсімінде мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.

«Мен спорттық мансабымды аяқтаймын. Екі жыл бойы мен Льюиске жеңіліп келдім. Осы маусымда қолымнан келгеннің бәрін істедім.Бала күнгі арманым орындалды. Енді қалған өмірімнің барлығын бір мақсатқа арнағым келмейді. Осы жылы мен барымды көрсеттім», — деп Росбергтің сөзін F1i жеткізді.