Дзюдодан Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг (48 кг) Токиодағы Grand Slam жарысында бесінші орын алды.

Бастапқы кездесуде Галбадрах қытайлық Линлин Инді ұтты. Артынша, жапониялық Хироми Эндоны юко әдісімен жеңді.

Жартылай финалда кореялық Жонг Бокеонг қазақстандық дзюдошы қызымызды финалдан тыс қалдырды. Қола жүлдесі үшін тартыста жапониялық Ями Кондо Отгонцэцэгтен басым түсті. Осылайша, Галбадрах жүлделі орынға іліне алмады.