"Феникс" МФК бас бапкері Арбен Симиткиу "Қайратқа" қарсы ойын туралы өз пікірімен бөлісті.

- Еуропа мен әлемдегі ең үздік командалардың бірімен ойнадық. Какау мен оның командасы туралы жақсы білемін. Бұл клубта жұлдыздар өте көп. Егер біз Гарри Поттердің рөлінде болсақ, "Қайраттың" осындай жұлдызды құрамын жеңе алар едік. Әрине, "Қайрат" пен Какауды алты ұпай еншілеуімен құттықтаймын. Какаудың командасына "Төрттік финалына" шығуға бір қадам ғана қалды. Бүгінгі ойынға көңілім қалды дей алмаймын. "Қайратқа" қарсы матчтан ләззат алу керек. Бұл туралы өз ойыншыларыма да айттым. Мұндай мүмкіндік өмірде бір рет қана беріледі және оны пайдаланып қалу керек. "Қайратты" жеңісімен тағы да құттықтаймын.