"Қайрат" АФК бас бапкері Какау "Феникске" қарсы ойын туралы өз пікірімен бөлісті.

- "Феникс" туралы көп нәрсе білмедік. Команда өте жақсы көрінеді. Олардың қақпашысы Криштиануды құттықтаймын, ол бүгін ғажайып соққыларды кері қайтара алды. Артынша бірнеше гол соғып, сенімді жеңіске жеттік. Қазақстандық ойыншылардың паспен ойынын көріп, ләззат алдым. "Никарске" қарсы ойын алдында біздің фаворит екеніміз көп айтылады. Бірақ біз ұтылып қалсақ, "Реал Риети" Төрттік финалына шығып кетуі мүмкін. Жексенбіде жанкүйерлер стадионға көбірек келеді деп үміттенемін.