Ресейлік Хабиб Нурмагомедов чемпиондық титул үшін жекпе-жекке шықпаса, ұйымнан кететінін айтты.

"Мен спортты құрметтегендіктен ғана UFC чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасқым келеді. Егер мен келесі жекпе-жекте титулдық кездесу өткізбесем, мен ұйымнан кетемін", - деп жазды Нурмагомедов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейін, Нурмагомедов жеңіл салмақтағы чемпиондық атаққа үміткер спортшы. Қазіргі күні бұл салмақ дәрежесіндегі чемпиондық атақ ирландиялық Конор МакГрегорға тиесілі.