«Алтай» волейбол клубы Азия чемпионатының 1/4 финалында сүрінді.

Енді қазақстандық ұжым тек бесінші орын үшін тартыса алады.

Ширек финалда Игор Никольченконың командасы ирандық «Сармаех Банк» клубынан жеңіліп қалды. Артынша, «Алтай» вьетнамдық ұжымнан басып түсіп, енді 5-ші орын үшін кездесуде қытайлық «Шанхай Голден Эйдж» командасымен күш сынасады.