Өскемендік «Алтай» волейбол клубы Мьянма елінде өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалына жолдама алды.

Топтық кезеңде қазақстандық ұжым «Тайпей Пауэрз» командасын ұтып, жапониялық «Тойода Госей Трефуэрца» клубынан жеңіліп қалды.

Осылайша «Алтай» жарыстың ширек финалына жолдама алып, енді тамыздың 29-ы қытайлық «Шанхай Голден Эйдж» клубымен ойнайды.  

Волейболдан клубтар арасында Азия чемпионаты

Нейпьидо, Мьянма

F Тобы

28 тамыз.

Тойода Госей Трефуэрца (Жапония)-Алтай (Қазақстан)

3:0 (25:20, 25:18, 25:20)

Тайвань Пауэр (Қытай Тайпейі)-Сармаех Банк (Иран)

0:3 (21:25, 24:26, 20:25)

Ширек финал:

Аль-Араби (Қатар)-Тайвань Пауэр (Қытай Тайпейі)

Сармаех Банк (Иран)-Масеко (Вьетнам)

Тойода Госей Трефуэрца (Жапония)-Мьянма

Шанхай Голден Эйдж (Қытай)-Алтай (Қазақстан)