Футбол

Цхададзе: Еуропа Лигасының топтық кезеңіне өтетінімізге сенімдімін

Цхададзе: Еуропа Лигасының топтық кезеңіне өтетінімізге сенімдімін
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» клубының бас бапкері Кахабер Цхададзе Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында «Атлантасқа» қарсы өтетін кездесу алдында баспасөз мәслихатын өткізді.

- Біз бәріміз Еуропа Лигасының топтық кезеңіне жолдама алғымыз келеді. Жігіттер дайындалады. Не дегенмен бұл жарыстың деңгейі жоғары. Алаңда бар күшімізді саламыз деп уәде бере аламын. Егер біздің ойыншылар бар өнерін көрсетсе, «Атлантасты» жеңуіміз қажет.

Қарсыласымыздың үш ойынын қарап, талдадық. Ағымдағы маусымда көп матч өткізгеніміз бізге қосымша күш береді. Ертең біз өз ойынымызды көрсетуіміз қажет. Біздің алдымызға екі мақсат қойылған: чемпионатта жеңіске жету және Еуропа Лигасының топтық кезеңіне өту. Екеуін де орындай алатынымызға сенемін.

Айта кетейік, «Қайрат» пен «Атлантас» арасындағы алғашқы кездесу, ертең, 29-шы маусым күні Алматы қаласының Орталық стадионында өтеді. Сонымен қатар, «Атлантасқа» қарсы қос кездесуде «Қайраттың» капитаны Бауыржан Исламхан командасына көмектесе алмайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер