Футбол

Чили мен Аустралия ұпай бөлісті

Чили мен Аустралия ұпай бөлісті
news-banner7
mobile-news-top

Конфедерация Кубогында В тобының көшбастаған Чили мен плей-офф кезеңіне үміткер Аустралия құрамалары тең тарқасты.

Жанкүйерлер мен футбол мамандары бұл кездесуде Чили құрамасын айқын фаворит санаған. Дегенмен аустралиялықтар да «оңай шағылатын» команда емес. Санчес пен Варгас бастаған чилиліктер қарсыласының қақпасын ойын бастала салысымен торуылдады. Бірақ кездесудің алғашқы бөлігінде аса қауіпті шабуыл бола қойған жоқ. Ойынның бірінші таймы аяқталар тұста Аустралия футболшылары есепті ашты. Чили құрамасының алаң ортасындағы өрескел қателігінен соң шабуылын бастаған аустралиялықтар Клаудио Бравоның қақпасынан саңылау тапты. Қорғаушылар қараусыз қалдырған Троизи командасын есепте алға шығарған.

Екінші таймды чилиліктер қарқынды бастады. Бұл кездесуде ұтылса, жағдайдың қиындай түсетінін түсінген Чили құрамасы Аустралияны тықпырықта ұстады. 67-ші минутта әріптесінен пас алған Родригес Мена қорғаушылардың арқасынан сытылып өтіп, таразы басын теңестірді. Осылайша, ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.

В тобында Камерунды ұтқан Германия 7 ұпаймен көш бастаса, қоржынында 4 ұпайы бар Чили екінші жолдамаға ие болды. Ал Аустралия құрамасы (2 ұпай) үздік үштікті түйіндеп, Камерун төртінші орынға тұрақтады.

Конфедерация Кубогы. В тобы

Чили - Аустралия 1:1

Голдар: Мене 67' - Троизи 42'

Чили: Браво, Исла, Хара, Пауло Диас, Мена, Сильва, Фуэнсалида, Арангис, Видаль, Санчес, Варгас.

Аустралия: Райан, Макгован, Сэйнсбари, Миллигэн, Луонго, Ирвайн, Бехич, Троизи, Кэйхилл, Круз, Юрич.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер