Футбол

Германия – Конфедерация кубогының жартылай финалында

Германия – Конфедерация кубогының жартылай финалында
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Германия құрамасы Ресейде өтіп жатқан Конфедерация кубогының жартылай финалына жолдама алды.

«Бундестим» топтық кезеңнің шешуші кездесуінде Камерун құрамасынан басым түсті – 3:1. Германия сапында Демирбей бір гол соқса, Вернер дубль жасады. Камерун құрамасында Абубакар мергендік танытты.

Осылайша, Йоахим Левтің шәкірттері өз тобында бірінші орын алып, жарыстың жартылай финалында Мексика құрамасымен кездеседі.

Конфедерация кубогы – 2017. «В» тобы. 3-ші тур

Германия – Камерун 3:1 (0:0)

Голдар: Демирбей 48, Вернер 66, 81 – Абубакар 79

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер