Жекпе-жек
Бокс

Бокс жұлдыздары Головкин – Джейкобс жекпе-жегі жайлы

Бокс жұлдыздары Головкин – Джейкобс жекпе-жегі жайлы
news-banner7
mobile-news-top

Бірқатар атақты боксшылар «Трипл Джидің» «Миракл Мэннен» ұтылғанын мәлімдеді.

Бокс жұлдыздары «Твиттер» әлеуметтік желіде Головкин – Джейкобс кездесуіне қатысты пікірлерін айтты.

«Джейкобс өте сауатты жұдырықтасты, оның кездесуге «геймпланы» жақсы болды. Жекпе-жек өте тартысты өрбіді. Міндетті түрде матч-реванш қажет», - Пол Малиньяджи.

«Әділетсіздік! Менің ойымша, Дэнни жеңіске жетуі тиіс еді», - Питер Куиллин.

«Трипл Джи» тізгінді өз қолында ұстамағанын білді. Оның жекпе-жектен кейінгі түрің көрдіңіздер ме?», - Остин Траут.

«Керемет жекпе-жек!», - Теренс Кроуфорд.

«Бұл тамаша бокс кеші болды! Джейкобс батыр сияқты жұдырықтасты», - Габриэль Росадо.

«Дэниел Джейкобсқа үлкен құрмет», - Серхио Мора.

«Гонсалестен жеңісті жұлып алды, ал Джейкобс Головкиннен мықтырақ болды», - Абнер Марес.

«Қос боксшы да ұлы жекпе-жек өткізді!» - Шугар Рэй Леонард.

«Джейкобс Головкинге қарсы тамаша кездесу өткізді. Қос боксшыны да керемет жекпе-жекпен құттықтағым келеді!» - Адонис Стивенсон.

«Джейкобстың сұмдық өнеріне тәнті болдық! Головкинге құрмет, бірақ бүгін Дэниелдің кеші болды», - Андре Берто.

«Головкин мен Джейкобсты құттықтаймын. Мұндай жекпе-жек үшін алғыс айтамын. Боксты неліктен жақсы көретінімізді тағы бір мәрте дәлелдеңіздер», - Оскар де ла Хойя.

«Дэниел Джейкобс керемет жекпе-жек өткізді. Головкин сәл басымдықпен жеңіске жетті. Бірақ менің ойымша, тең нәтиже тіркесе де болар еді. Матч-реванш қажет деп ойлаймын», - Шейн Мосли.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер