Жекпе-жек
Бокс

Головкин кәсіпқой бокстағы 37-ші жеңісіне жетті

Головкин кәсіпқой бокстағы 37-ші жеңісіне жетті
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Нью-Йорк қаласындағы «Мэдисон Сквер Гардэн» аренасында америкалық Дэниел Джейкобспен кездесті.

Жекпе-жек алдында Бруклин тумасы IBF тұжырымының салмақ өлшеу рәсіміне келмеген болатын. Яғни, Дэнни үшін бұл чемпиондық белбеу сарапқа салынбаған.

Головкиннің жарыс күніндегі салмағы 77 келіні құраса, америкалық бір күн ішінде 10 келі жинап үлгерді.

Роман Гонсалестің сенсациялық жеңілісінен кейін «Трипл Джи» кездесуді ерте аяқтауға ниетті болған. Бірақ отандасымыздың бұл жоспары жүзеге аспады.

Головкиннің Джейкобсқа қарсы кездесудің алғашқы кезеңі бір-бірін зерттеумен өтті. Екінші раундта да қос боксшы өткір шабуылдарын жасаған жоқ. Үшінші кезеңде Джейкобс бір-екі жойқын соққы бағыттап, Геннадийді айқасқа шақырды. Төртінші раунд басталысымен Гена Дэниелді қыспаққа алып, қарсыласын нокдаунға түсірді. Ары қарай кездесу өте тартысты өрбіп, нақты біреудің басымдығы байқалмады.

Төрешілердің шешімі бойынша, Головкин кәсіпқой бокстағы 37-ші жеңісіне жетті. Үш қазы да жеңісті қазақстандық боксшыға бұйырды: 115-112, 115-112, 114-113.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер