Зидан франциялық клубты баптауы мүмкін
Француз маманы Зинедин Зидан бапкерлік мансабын Лига 1-де жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Transfer News Live әлеуметтік желілерде хабарлағандай, Пари Сен-Жермен басшылығы Зиданның кандидатурасына қызығушылық танытып отыр. Париждіктердің басшылығы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өте алмаса, испандық команда бапкері Луис Энрикені қызметінен босату мүмкіндігін қарастыруы мүмкін екені атап өтілді.
Еске салайық, Зинедин Зидан «Реалды» 2016-2018 және 2019-2021 жылдар аралығында баптады. Француз бапкері Лос Бланкоспен бірге екі дүркін Испания чемпионы, екі дүркін Испания суперкубогының жеңімпазы және Чемпиондар лигасының үш дүркін жеңімпазы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или