ФИФА 2024 жылдың үздік ойыншысы атағы. Тізімде кімдер бар?
ФИФА 2024 жылдың үздік ойыншысы атағына үміткерлерді атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Тізімге 11 ойыншы енді.
Джуд Беллингем («Реал»), Дани Карвахаль («Реал»), Эрлинг Холанд («Манчестер Сити»), Тони Кроос («Реал»), Килиан Мбаппе («Реал»), Лионель Месси («Интер Майами»), Родри («Манчестер Сити»), Федерико Вальверде («Реал»), Винисиус («Реал»), Флориан Виртц («Байер»), Ламин Ямал («Барселона»).
Үміткерлер 2023 жылдың 21 тамызы мен 2024 жылдың 10 тамызы аралығындағы ойындары бойынша іріктелді. Еске салайық, «Алтын доптың» қазіргі жеңімпазы «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Родри болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или