Қазақстандық суда жүзушілер 11 мәрте Қазақстан рекордын жаңартты

Қазақстандық суда жүзушілер 11 мәрте Қазақстан рекордын жаңартты

Жүзуден ел рекорды жаңарды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Қазақстан кубогында жүзуден әйелдер құрамасы 2009 жылдан бері сақталып келе жатқан еліміздің рекордын жаңартты. 

Қазақстан Республикасы Кубогының финалдық кезеңінің соңында әйелдер арасында 4х100 метрге аралас эстафеталық жарыста қосымша жүзу ұйымдастырылды. Ұлттық құрама 4:01:48 уақыт көрсетіп, рекорд орнатты.

Эстафетаға Ксения Игнатова, Аделаида Пчелинцева, София Спдаренко, София Абубакирова қатысты.

Су спорты федерациясының мәліметінше, соңғы 3 аптада қазақстандық суда жүзушілер 11 мәрте Қазақстан рекордын жаңартты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или