Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов «ІВА чемпиондарының түні» турнирінің финалында кездесу өткізеді

Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов «ІВА чемпиондарының түні»  турнирінің финалында кездесу өткізеді

Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов «ІВА чемпиондарының түні» турнирінің финалында кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz 

Бокс кеші 12 желтоқсан күні Бахрейнде өтеді. Теміртас Жүсіпов аталған ұйымның нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына таласады.

Оның қарсыласының есімі әзірге белгісіз. 

Айта кетейік, Жүсіпов 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Чиангмайда (Таиланд) өтетін Азия чемпионатына қатысу құқығына ие болған. Дегенмен, ол ІВА турнирінің финалына қатысу үшін құрлықтық біріншіліктен бас тартты.

Азия біріншілігінде оның орнын Санжар Тәшкенбай басады. Бұл туралы құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлімдеді.

Жүсіпов 2021 жылғы әлем чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы (2013, 2019), сонымен қатар Бүкіләлемдік бокс сериясының жеңімпазы (WSB).

Источник: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или