Михаил Шайдоров Гран-при кезеңінде күміс медаль алды
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-приде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz
Михаил Шайдоров Қытайдың Чунцин қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при турнирінде 2-орын алды.
Ұлттық құраманың көшбасшысы қос жаттығудан кейін 276.17 балл жинады. Кеше Михаил қысқа бағдарламада 93.21 ұпай жинап, 2-орынға тұрақтаған. Бүгін еркін сайыста отандасымыз 182.96 балл алып, басымдығын сақтап қалды.
Ерлер арасында Шун Сато (Жапония) 278. 48 ұпаймен жеңіске жетті. Үздік үштікті француз Адам Сяо Хим Фа түйіндеді. Биыл турнирге 15 елден 60 спортшы қатысты.
Источник: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или