«Тобылдың» легионері: Қазақстандағы бірінші маусымдағы ойынымнан үлкен ләззат алдым

«Тобылдың» легионері: Қазақстандағы бірінші маусымдағы ойынымнан үлкен ләззат алдым

«Тобылдың» жартылай қорғаушысы Ахмед Эль-Мессауди қостанайлық жанкүйерлерге алғыс айтып, ҚПЛ-дегі алғашқы маусымынан алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz

«Жанкүйерлерге маусым бойы қолдау білдіргендері үшін алғыс білдіргім келеді. Жоспарлағанның барлығын толыққанды жүзеге асыра алмасақ та, Қазақстанда өткізген бірінші маусымдағы ойынымнан үлкен ләззат алдым. Ин ша' Алла жақсылықтар бізді әлі алда күтуде», - деді қостанайлық футболшы. 

Ахмед Эль-Мессауди былтыр «Тобыл» сапында 24 кездесуге қатысып, 4 гол салды. Марокколық жартылай қорғаушы қостанайлық клубтан бөлек, түркияның «Газиантеп», нидерландының «Гронинген», «Фортуна» секілді командаларының намысын қорғаған болатын.

Источник: Aladop.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или