UFC-дегі қазақ файтері бразилиялық спортшыдан жеңілді
Бүгін, 23 қарашада Макаода (Қытай) UFC Fight Night турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Андеркардтағы алғашқы жекпе-жекте Қытайда тұратын қазақ Мақсат Қайсар (10-3) мен бразилиялық Николас Мотта (14-5) кездесті.
Жеңіл салмақтағы кездесу толық үш раундқа созылып, төрешілер шешіммен Мақсат Қайсар жеңіліп қалы.
Сондай-ақ, бұл кеште тағы бір Қытай қазағы Балғын Жеңісұлы (19-5) өнер көрсетеді. Ол турнир аясында өтетін UFC-ге іріктеу жарысы Road to UFC-дің финалында бақ сынайды.
Кештің басты жекпе-жегінде бұрынғы UFC чемпионы ресейлік Петр Ян (17-5) мен бразилиялық Дейвсон Фигереду (24-3-1) кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или