«Манчестер Сити» — «Тоттенхэм». Гвардиола шәкірттері жеңілістер сериясын тоқтата ала ма?
23 қараша Астана уақытымен 22:30-да Англия премьер-лигасының 12-туры аясында «Манчестер Сити» — «Тоттенхэм» матчы өтеді.
Tennisi.kz букмекерлік кеңсесінде дәл қазір жыл сайынғы «Бонусябрь» акциясы өтіп жатыр. Бір ай ішінде компанияның веб-сайтында және қосымшасында күн сайын қарапайым және жалықтырмайтын тапсырмалар пайда болады, олардың орындалуы ойыншыларға нақты ақша мен бонустар әкеледі. Науқан кезеңінде әр ойыншы бонустық шотқа 80 мың теңгеге дейін және негізгі шотқа 50 мың теңгеге дейін нақты ақша ала алады. Мысалы, сенбі күні минимум 2.00 коэффициент болатын 3 немесе одан да көп оқиғадан тұратын экспресс бәске 8888 теңге тіксеңіз, кез келген жағдайда 3883 теңге бонустық шотыңыздан негізгі шотыңызға түседі! Науқанға бір рет қатыса аласыз.
«Манчестер Сити» кейінгі төрт ойында қатарынан жеңіліске ұшырады. «Қалалықтардың» мұндай сүреңсіз нәтижесіне бірқатар жетекші ойыншының жарақаты себеп болды. Атап айтқанда, «Алтын доп» иегері Родри ұзақ уақытқа қатардан шығып қалды. «Манчестер Сити» қорғанысында біршама проблема жүз беріп отыр, мысалы, кейінгі төрт матчта 10 гол жіберіп алды. Есесіне, команданың үздік сұрмергені Эрлинг Холанд халықаралық үзілісте Ұлттар лигасы аясында өткен ойында Қазақстан қақпасына хет-трик жасап, бабына оралғандай болды. Ол үздік көрсеткішін АПЛ-да жалғастыруға ниетті.
Ал Ангелос Постекоглу шәкірттерінің ойыны ала-құла. «Тоттенхэм» бірде көл, бірде шөл болып, жанкүйерлердің жүйкесін жұқартып жүр. Мысалы, олар кез келген мықты қарсыласты жеңіп, содан кейін айқын аутсайдерден жеңіліп қалуы мүмкін. Атап айтқанда, АПЛ-дағы кейінгі екі кездесуде «Астон Вилланы» жеңіп (4:1), турнир кестесінің соңында тұрған «Ипсвич Тауннан» жеңіліп қалды (1:2). Бірақ «Тоттенхэм» «Манчестер Ситиге» қарсы жақсы ойнайтынын ұмытпаған жоқ.
Қос команда бұған дейін 173 рет кездескен. «Манчестер Сити» - 69, «Тоттенхэм» - 67 рет жеңіске жеткен. Қалған 37 матч тең аяқталды.
Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі мынадай коэффициент беріп отыр: «Манчестер Ситидің» жеңісіне – 1.45, «Тоттенхэмге» – 6.30. Ал кездесудің тең аяқталу мүмкіндігі – 5.00 коэффициент.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.