Харри Кейн Бундеслигада жаңа рекорд орнатты

Харри Кейн Бундеслигада жаңа рекорд орнатты

22 қарашада Бундеслиганың 12-туры аясында «Бавария» өз алаңында «Аугсбургті» 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мюнхендік клубтың шабуылшысы Харри Кейн бұл ойында хет-трик жасады. Ол Бундеслигада 43 матчта 50 гол соқты.

Осылайша, Кейн Бундеслига рекордын жаңартып, ең жылдам 50 гол соққан ойыншы атанды. Бұған дейін Эрлинг Холанд дортмундтық «Боруссия» сапында 50 матчта 50 гол соққан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или