Денис Евсеев Испаниядағы турнирде камбэкпен жеңіске жетті
Қазақстандық, әлемнің 212-ракеткасы Денис Евсеев Монтемар (Испания) челленджер турнирінің екінші айналымына шықты.
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 376-орында тұрған оңтүстіккореялық, 20 жастағы Джерард Кампана Лимен өткізді.
Бірінші партияда кореялық теннисші 6:4 есебімен басым түсті. Бұдан кейін Евсеев ойын тізгінін қолына алып, камбэк жасай білді – 6:4, 7:5.
Екі сағат 56 минутқа созылған аса тартысты бәсеке барысында Денис 1 эйспен бірге 16 брейк-пойнттың тоғызын пайдаланды. Ли 1 эйс, 8 брейкпен (12 брейк-пойнт) ерекшеленді.
Денис Евсеев ширек финалға шығу үшін жарыстың 5-інші, әлемнің 138-ракеткасы, аргентиналық Марко Трунгельити немесе рейтингіде 703-сатыдағы 19 жастағы болгариялық Илиян Радуловтың қай жеңгенімен таласады.