Ұлттар лигасы матчы кезінде Венгрия құрамасының бас бапкері талып қалды
Ұлттар лигасының Нидерландыға қарсы ойыны кезінде Венгрия құрамасы бапкерінің көмекшісі Адам Салаи талып қалды.
Амстердамдағы матчтың 8-минутында Адам өзің жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Соның салдарынан ойын он минутқа тоқтатылды.
Стадионнан 37 жастағы Салаи жедел жәрдеммен Амстердамдағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Жағдайы тұрақты деп бағалануда.
Айта кетейік, кездесу қорытындысы бойынша Нидерланды 4:0 есебімен жеңіске жетті.
Источник: sportplustv.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или