«Каспий» футбол клубы түркиялық компанияға 250 мың доллар төлеуге міндеттелді

«Каспий» футбол клубы түркиялық компанияға 250 мың доллар төлеуге міндеттелді

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Каспий» футбол клубының спортшылардың оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырған компанияға қарызы жоқ деген шешім шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport+ сайтына сілтеме жасап.

Судьяның айтуынша, түрік компаниясы Ақтау командасына оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырмас бұрын мемлекеттік сатып алуға қатысу керек еді. 

«Сонымен қатар, сотқа «Каспий» футбол клубы жанындағы МКҚК басшысының міндетін атқарушы Ержан Джамбиров тапсырыс беруші ретінде Түркия Республикасының Анталия қаласында қандай жағдайда және қандай негізде шарт жасасқаны белгісіз. Түркиялық компания сот отырысына қатысудан бас тартқандықтан талап қанағаттандырусыз қалды», – деп мәлімдеді Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты.

Биыл қаңтар айында Arena Sports & Travel агенттігі апелляциялық шағым түсіріп, ФИФА мен УЕФА-ға шағымданып, «Каспий» футбол клубына қарсы санкция енгіземін деп қорқытты.

Сәуір айында апелляциялық сот бірінші сатыдағы сот шешімін бұзып, түрік компаниясының шағымын ішінара қанағаттандырды.

«Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Каспий» футбол клубы» РМК-дағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынан ARENA HALKLA ILISKILER ENERJI ORG.TEKS.VE TIC.LTD.STL ЖШС пайдасына  230 521 еуро қарыз және 1000 еуро көлемінде айыппұл өндірілсін. Сондай-ақ соттың шығыны ретінде мемлекетке 3 384 813 теңге көлемінде өтемақы және өкілдің көмегі үшін 3 900 000 теңге төлеуі керек», – делінген хабарламада.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или