Волейболдан Қазақстан чемпионатының бірінші турының соңғы күні күтпеген нәтиже тіркелді
Өскемен қаласында волейболдан әйелдердің ұлттық лига командалары арасында XXXIII Қазақстан чемпионатының бірінші турының соңғы күні күтпеген нәтиже тіркелді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап
Ұлттық лигаға алғаш рет қосылған Оралдың «Грация KZ» командасы (бас бапкері Айна Ғұбашева) бұған дейін жалғыз-ақ ұпаймен 9-орында тұрған еді.
Ал үш матчта жеңіске жеткен «Ару-Астана» 6-сатыға табан тіреген болатын. Бірақ өзара кездесуде сәтті ойнаған оралдықтар астаналықтарды 3:0 (25:22, 25:17, 25:23) есебімен ұтып, бастапқы үш ұпайына ие болды. Сөйтіп 8-орынға көтерілді.
Бірінші тур барысында Өскеменнің «Береліне» ғана 2:3 есебімен ұтылған «Жетісу» клубы «Алматымен» бәсекеде қиналған жоқ – 3:0 (25:15, 25:10, 25:14). Сербиялық маман Марко Гршичтің шәкірттері 19 ұпаймен көш басына шықты. Бірақ оларды бүгін «Ақтөбені» ұтса, «Берел» қуып жетеді.
«Қарағанды» командасы екінші рет қатарынан жеңіліске ұшырады. Бұл жолы олар «Қуанышқа» (СҚО) жол берді – 0:3 (26:28, 15:25, 14:25). Солтүстікқазақстандықтар 15 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.