«Әл-Наср» қорғаушысы «Реал Мадридке» қатысты сыбыстарға жауап берді
Испания мен «Әл-Наср» клубының қорғаушысы Эмерик Лапорт «Реалға» қатысты сыбыстар жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz
«Соңғы жаңалықтардың бәрінен хабардар емеспін, бірақ «Реал» жайында естігенім бар. Егер ұсыныс түссе, қарастырып көретінім анық. Меніңше ешбір футболшы мұндай клубтың ұсынысын елеусіз қалдыра алмайды.
Менің болашағымды «Реалмен» байланыстырып жатқаны маған ұнайды»,– дейді испаниялық қорғаушы.
Айта кетейік, бұған дейін бірнеше бұқаралық ақпарат құралдары Испания мен «Әл-Наср» клубының қорғаушысына «Реал» клубы қызығушылық танытуда деп хабар таратқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или