Ансу Фати тағы да жарақат алып қалды
«Барселона» шабуылшысы жарақат алып қатардан шықты, деп хабарлайды Prosports.kz
Испания және «Барселона» вингері Ансу Фати бүгін жаттығу кезінде оң аяғының сіңір бұлшықетін зақымдап алған екен.
Соған байланысты испандық бір айға жуық уақыт алаңға шыға алмайды.
Бұл 22 жастағы ойыншының 14-ші жарақаты. Жалпы 644 күні емделуге кеткен. Оғаны тағы бір ай қосылайын деп тұр.
Бұған дейін «Барселона» сапынан Левандовски мен Ямальдың жарақат алғандығы хабарланған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или