Темірлан Көлбай: Талай жылғы төгілген тер текке кетпей, бапкерлерімнің еңбегі ақталды
Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ересектер арасында самбодан өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Темірлан Көлбай жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті.
Батысқазақстандық балуанның айтуынша, көптен көздеген биік белесті бағындырған.
«Барлық қарсыластарым да осал болған жоқ. Бұл елдің жеңісі деп ойлаймын. Талай жылғы төгілген тер текке кетпей, бапкерлерімнің еңбегі ақталды. Маған жанашыр болған адамдардың бәріне мың алғыс. Алдағы мақсатым туралы айтсам, жаттықтырушыларыммен ақылдасып, бір шешімге келемін», деді Kazinform тілшісіне Темірлан Көлбай.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или