Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз жекпе-жегі өтпеуі мүмкін

Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз жекпе-жегі өтпеуі мүмкін

Кәсіпқой бокстан орта салмақта IBF және WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) мен британдық Хамза Шираз арасындағы жекпе-жек (21-0, 17 KO) мүлдем өтпеуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz 

The Ring ақпараты бойынша, Әлімханұлы мен Шираз менеджерлері келіссөз жүргізіп жатыр. Алайда, британдық Qazaq Style-дың орнына WBC белбеуінің иегері Карлос Адамеспен (24-1, 18 KO) жұдырықтасуы мүмкін.

Шираз – WBC және WBO белбеулеріне үміткер №1 боксшы.

Бұған дейін Адаместің келесі қарсыласы тағы бір қазақ боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) болуы мүмкін екені айтылған. Алайда, тараптар келіссөз жүргізуді бастамаған.

Айта кетейік, жақында WBO-ның жаңа президенті Әлімханұлы мен Шираз арасындағы келіссөздер мерзімін 11 қарашаға дейін ұзартуды жөн көрген болатын. Бұған дейінгі мерзім 23 қазан, кейін 4 қараша болған. Ол кезде де қос тарап мәмілеге келе алмаған еді.

4 қазанда өткен соңғы жекпе-жегінде Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық боксшыны нокаутпен жеңген болатын. Ал, Хамза Шираз болса 21 қыркүйекте өз жерлесі Тайлер Денниді екінші раундта ұрып құлатты. Қос боксшы да бұған дейін мүлдем жеңіліп көрмеген.

Источник: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или