Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираздың жекпе-жегі ақпанда Эр-Риядта өтетін болды

Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираздың жекпе-жегі ақпанда Эр-Риядта өтетін болды

Кәсіпқой бокста әлі жеңіліп көрмеген британдық Хамза Шираз (21-0, 17 КО) бен Жәнібек Әлімханұлы(16-0, 11 КО) арасындағы жекпе-жек 22 ақпанда өтетін болды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Бокс кеші Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтеді.

Спорт инсайдері Майкл Бенсон промоутер Фрэнк Уорренмен сөйлескеннен кейін осындай ақпарат таратты. Ол Шираздың қарсыласы орта салмақтағы әлем чемпионы болатынын, бірақ оның нақты кім екенін айтпаған. Десе де, Шираздың командасы дәл қазір қазақ Жәнібек Әлімханұлымен (16-0, 11 КО) келіссөздер жүргізіп жатқанын ескерсек, жекпе-жек те осы екеуінің арасында өтетіні сөзсіз. Жәнібек – IBF және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы.

«Фрэнк Уоррен Хамза Шираздың келесі жекпе-жегі 22 ақпанда Эр-Риядта чемпиондық титул үшін болатынын айтты. Бірақ, жекпе-жек Жәнібек Әлімханұлына қарсы бола ма, әлде басқа чемпионмен бола ма, ол жағын айтпады», - деп жазды Бенсон X әлеуметтік желісінде.

Еске салайық, Әлімханұлы соңғы рет 4 қазанда рингке шыққан. Ол жаңазеландиялық Андрей Михайловичті нокаутпен жеңген болатын. Ал, Шираз болса 21 қыркүйекте өз жерлесі Тайлер Денниді мерзімінен бұрын ұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или