ҚХЛ: «Барыс» Астанада қытайлық командадан ұтылды
Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының өз алаңында қытайлық «Куньлун Ред Стар» командасымен ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алаң иелері бұл ойында фаворит саналды.
Ғалым Мәмбеталиев алаңға келесі құрамды шығарды: Бояркин (Мэтцсон) - Бекетаев-Данияр, Жафьяров-Николишин-Бурдасов; Камалов-Хохлов, Панюков-Өмірбеков-Әсетов; Гайтамиров-Бутенко, Бочаров-Бойко-Сетдиков; Королев-Оразов, Мұратов-Логвин-Рахманов.
Бірінші кезеңде есеп ашылмады. Екінші және үшінші кезеңде қытайлықтар бір шайбыдан соғып, 2:0 есебімен ұтты.
3 қарашада «Барыс» өз алаңында Нижнекамск қаласының «Нефтехимик» командасын қабылдайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или