Күрестен жастар арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстандықтардың қайсысы алғашқы күні кілемге шығады

Күрестен жастар арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстандықтардың қайсысы алғашқы күні кілемге шығады

Қазақстандықтардың қайсысы алғашқы күні кілемге шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Бүгін, 21 қазанда Тиранда (Албания) күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионаты басталады. 

Кілемге бірінші болып грек-рим күресінің өкілдері шығады. 21 қазанда біліктілік раундтары мен жартылай финалдар болмақ. Әлем чемпионатын 60,67,72,82,92 келіге дейінгі салмақтағы балуандар ашады. 


Қазақстан командасынан бүгін келесі спортшылар бағын сынайды: 

60 келіге дейінгі салмақта: Досжан Өтепқалиев 

67 келіге дейінгі салмақта: Дінмұхаммед Қошкар 

72 келіге дейінгі салмақта: Мерей Мәулітханов

82 келіге дейінгі салмақта: Альмир Төлебаев

97 келіге дейінгі салмақта: Ерзат Ерланов

Источник: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или