Германия – Нидерланд: бірінші орын кімге бұйырады?

Германия – Нидерланд: бірінші орын кімге бұйырады?

Бүгін Ұлттар лигасының төртінші турындағы басты текетірес Германияда өтеді. Төрт дүркін әлем чемпионы өз алаңында Нидерландты қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы WIN промокодын ұсынып отыр, оның көмегімен ойыншылар шотын 5000 немесе одан да көп сомаға толтырған кезде нақты ақша түрінде 5 000 теңге алады.

Екі құрама да осы Ұлттар лигасында жеңілген жоқ. Германия өз алаңында венгрияны 5:0 есебімен тас-талқан етіп тастады, кейін қонақта Нидерландпен ұпай бөлісті. Таяуда ғана сырт алаңда Босния және Герцеговинаны 2:1 есебімен қапы қалдырды. Қазір жеті ұпаймен өз тобында көш бастап келе жатыр. 

Ал Нидерландтың еншісінде әзірше бір ғана жеңіс бар. Ең алғашқы матчында Боснияны өз алаңында 5:2 есебімен сенімді жеңді. Содан кейін екі рет тең түсті. Өз алаңында Германиямен, қонақта Венгриямен ұпай бөлісті.

Қыркүйекте "Амстердам Аренада" өткен матчта бұл командалар 2:2 есебін тіркеген еді. 2-минута Тейани Рейндерс Нидерланд құрамасын алға шығарған. Артынша немістер екі гол соқты. Дениз Ундав пен Йошуа Киммих қанжығасын майлады. Екінші таймның басында Дензел Дюмфрис таразы басын теңестірді.

Бүгін командалар үш емес, алты ұпайды сарапқа салады. Нидерланд құрамасы жеңіске жетсе, бірінші орынға көтеріліп, бундестимнен бір ұпайға алда тұрады. Ал Германия құрамасы жеңсе, екінші орыннан бес ұпайға озып кетеді. Бірінші орынға мерзімінен бұрын жетуге мүмкіндігі бар.

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы мынадай коэффициент ұсынып отыр: Германияның жеңісіне – 1.79, Нидерландтың жеңісіне – 4.20. Бұл кездесудің тең аяқталу мүмкіндігі - 3.96 коэффициент.

Бұл матчтан не күтеміз? «Екі команда да гол соғады» - 1.50 коэффициент. Себебі қос команда да нәтижелі.  

Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или