Қазақстан құрамасы өз алаңында Словениядан жеңілді

Қазақстан құрамасы өз алаңында Словениядан жеңілді


Алматыда Ұлттар лигасының 4-ші туры аясында Қазақстан құрамасы Словения құрамасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 0:1 есебімен Словенияның пайдасына шешілді. Жалғыз голды 55 минутта соққан Млакар. Бұл Станислав Черчесов бастаған команданың қатарынан үшінші жеңілісі. 

Қазақстан - Словения 0:1 (0:0)

Гол: Млакар 55

Қазақстан : Шацкий, Быстров, Дарабаев, Марочкин, Әліп, Вороговсикй, Дарабаев, Тағыберген, Исламхан, Чесноков, Аймбетов;

Словения: Облак, Янжа, Бийол, Дркушич, Стоянович, Млакар, Элшник, Гнезда-Черин, Иличич, Шпорар, Шешко. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының жаңа маусымын өз алаңында Норвегиямен (0:0) сенсациялық тең ойынмен бастады, бірақ кейін сыртта екі жеңіліске ұшырады - Словениядан (0:3) және Австриядан (0:4).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или