Осы маусымда әлі жеңілмеген «Арсенал» мен «ПСЖ» Чемпиондар лигасында кездеседі. Матчтан не күтеміз?
Бүгін жаңа форматтағы Чемпиондар лигасының екінші туры басталады. Алғашқы ойын күнінде «Байер» – «Милан» және «Арсенал» – «ПСЖ» матчы ерекше назар аудартады. Бүгін осындағы екінші жұп жайлы сөз қозғаймыз.
«Арсенал» бапкері Микель Артетаның екі командамен де байланысы бар. Ол лондондық клуб сапында 150 матчқа қатысып, мансабын сонда аяқтаған. Сондай-ақ, 2001/02 жылғы маусымда париждік клуб сапында жалда ойнады. Ал бүгінгі матч оның менеджер ретіндегі 240-ойыны болмақ. Екі клуб ресми кездесулерде бір-бірімен екі-ақ рет кездескен – 2016/17 жылғы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде. Артета сол маусымның алдында мансабын аяқтаған, командалар Парижде 1:1, Лондонда 2:2 есебімен тең ойнады. Екі команда да плей-офф кезеңіне өтті: Венгердің «Арсеналы» және Эмеридің ПСЖ командасы.
Содан бері 8 жыл өтті, өзгермеген жалғыз нәрсе - Маркиньос әлі париждік команданың сапында өнер көрсетіп жүр. Мбаппе кеткені ПСЖ-ға пайдалы болған сияқты. Барколя мен Дембеленің екінші демі ашылды, жартылай қорғаныс шебі күшейе түсті. Луис Энрике бастаған ПСЖ осы маусымда Мбаппе бар кезге қарағанда Франция чемпионатын оңай жеңетін сияқты.
ПСЖ Чемпиондар лигасының бірінші турында өткен маусымды керемет ойынымен таңғалдырған «Жиронаны» қабылдады. Париждік команда небәрі 1:0 есебімен жеңіске жеткенімен, ойын тұрғысынан қарсыласынан әлдеқайда басым болғаны анық. Испаниялық қақпашы Гассаниг үздік өнер көрсетіп жатқан, бірақ 90-минутта қателік жіберіп, қақпасына гол өткізіп алды.
Ал «Арсенал» Чемпиондар лигасының алғашқы турында Бергамода «Аталантамен» кездесті. Бұл кездесу тең есеппен аяқталды – 0:0. Командалар тең дәрежеде ойнады, бірақ италиялық клуб ойыншысы Матео Ретеги 51-минутта пенальти соға алмады. Демек Гасперинидің командасы лондондықтарға қарағанда үш ұпайға жақынырақ болды.
«Арсенал» Англия чемпионатында жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Екі рет қана ұпай жоғалтты – «Брайтон» және «Манчестер Ситиге» қарсы. Екі жағдайда да Артета шәкірттері бір тайм бойы аз адаммен ойнады. Ал Гвардиола командасына қарсы олар жеңісті сақтап қала жаздады, бірақ негізгі уақыттың сегізінші минутында Джон Стоунс гол соғып, есепті теңестіріп кетті.
Бұл матчта «Арсенал» фаворит саналып отыр. Tennisi.kz букмекерлік компаниясы олардың жеңісіне – 1.76, тең ойынға – 3.96 және ПСЖ жеңісіне – 4.90 коэффициент ұсынады.
Сондай-ақ, Tennisi.kz «Бұрыштама. «ПСЖ» +1.5 форамен жеңеді» дегенге 2.19 коэффициент ұсынады. Өйткені париждік команда кейінгі 20 ойынның 18-інде бұрыштамадан екі немесе одан да көп айырмамен жеңілген жоқ.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.