Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутқа түсіруге уәде берді
Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) жаңа зеландиялық қарсыласы Андрей Михайловичті (21-0, 13 КО) оңай жеңетініне сенімді, деп жазады Prosports.kz.
Олардың кездесуі 4 қазанда Сиднейде (Аустралия) өтеді. Жекпе-жекте Жәнібекке тиесілі IBF белбеуі сарапқа салынады.
Әлімханұлы Х әлеуметтік желісінде «Бірінші раунд» деп жазып, қарсыласын алғашқы үш минутта нокаутқа жіберуге ниетті екенін білдірді.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жек шілде айында Лас-Вегаста (АҚШ) өтуі тиіс еді, бірақ Әлімханұлы салмақ қуу барысында қиындыққа ұшырап, кездесу өтпей қалды.
first round ✅ https://t.co/5KD7WCB0i9
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) September 30, 2024
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или