Қарағандыда Қазақстанның үздік боксшы қыздары анықталды

Қарағандыда Қазақстанның үздік боксшы қыздары анықталды

Әйелдер боксынан Қарағандыда ұйымдастырылған «Мықтылар турнирі» аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Бокс бәсекесіне Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай қатысқан жоқ. Сондай-ақ Карина Ибрагимова да демалыс алған. Құрамадағы өзге боксшы қыздар турнирде бақ сынады. 

Жарыс қорытындысы бойынша Йорданиядағы Азия чемпионатына қатысатын боксшы қыздар құрамы жасақталатын болады. 

Бірнеше салмақ дәрежесінде Ресей құрамасының да мықты боксшы қыздары қатысты. Бұл отандастарымызға тәжірибе болды әрі бәсекелестікті арттырды. 

Жарыстың басты жаңалығы – қыздардың бас киімсіз жұдырықтасуы. Нәтижесінде халықаралық жаңа ереже бойынша өткен турнирде жарақат алғандар да көп болды. Тіпті екі бірдей финалдық жекпе-жек өтпеді. 


Жарыс қорытындысы бойынша 12 салмақ дәрежесінің 5-де Алматы қаласының боксшы қыздары жеңімпаз атанды. 

48 келі — Әйгерім Сәттібаева (Жамбыл облысы)

50 келі — Алуа Балқыбекова (Алматы)

52 келі — Жазира Орақбаева (Алматы)

54 келі — Әнел Сақыш (Алматы)

57 келі — Виктория Байдукова (Жамбыл облысы)

60 келі — Виктория Графеева (Алматы)

63 келі — Аида Абикеева (Қарағанды облысы)

66 келі — Милана Сафронова (Қарағанды облысы)

70 келі — Ангелина Витова (Ресей)

75 келі — Елена Гапешова (Ресей)

81 келі — Гульсая Ержан (Қызылорда облысы)

+81 келі — Эльдана Талипова (Алматы)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или