«Реал Мадрид» - «Алавес»: тағы да ірі жеңіс тіркеле ме?
«Реал Мадрид» «Барселонаның» ізімен келе жатыр. Маусым басында мадридтік клуб басты бәсекелесінен төрт ұпайға қалып тұр. 7-тур аясында «Реал Мадрид» «Алавесті» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Реал Мадрид» маусым басындағы сәтсіздіктен кейін қатарынан төрт матчта жеңіске жетіп келе жатыр. Өткен демалыста «Эспаньолды» 4:1 есебімен тас-талқан етті. Оның алдында Чемпиондар лигасында «Штутгартты», Ла Лига аясында «Бетис» пен «Реал Сосьедадты» қапы қалдырды. Жазда құрамын күшейтіп алған «патша клубы» осы маусымда да Ла Лига мен Чемпиондар лигасының фавориті болып тұр.
«Алавес» маусымның басын жақсы өткізіп жатыр. Алғашқы алты матчтың екеуінде ғана жеңілді. Осы маусымда сырт алаңда азулы «Реал Сосьедад» пен «Севильяны» тізе бүктірді, «Бетистен» ұпай жырып алып қалды. Қазір турнир кестесінде жетінші орында тұр.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы «Реал Мадридтің» жеңісіне сенімді, оларға 1.18, «Алавестің» ұтысына 15, ал тең есепке 7.40 коэффициент беріп отыр. Мадридтік клуб осы маусымдағы барлық жеңісінде қарсыласынан кем дегенде екі гол айырмашылығымен басым болды. Алаң иелері кем дегенде екі гол басымдығымен жеңеді деп ойласаңыз, 1.54 коэффициентімен бәс қоя аласыз. Сарапшылар бұл ойында гол көп соғылады деп болжап отыр. Сондықтан матч тоталы 2,5-нан көп болады деген бәске 1.47 коэффициент ұсынған.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.