Али Ахмедов Ирландиядағы бокс кешінде жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Али Ахмедов (21-1, 16 КО) Дублинде (Ирландия) өткен кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ирландияның Дублин қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде Ахмедов франциялық Пьер Юбер Дибомбеге (22-1-1, 12 КО) қарсы шықты.
10 раундқа жоспарланған жекпе-жек барлық қашықтыққа созылып, төрешілердің екіге бөлінген шешімімен Али Ахмедов жеңіске жетті.
Ахмедов үшін бұл 2024 жылғы үшінші жекпе-жегі болды. Оның кейінгі жекпе-жегі Детройтта (АҚШ) 23 мамырда өтіп, екінші раундта коста-рикалық Энкарнасьон Диасты (18-5, 11 КО) нокаутқа түсірді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или