Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасы жаңа маусымға қарқынды дайындалуда

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасы жаңа маусымға қарқынды дайындалуда

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасы жаңа маусымға қарқынды дайындалуда, деп хабарлайды Prosports.kz 

Бүгінде спортшылардың бір бөлігі жарысқа қатысып та үлгерді. Ал осы аптаның соңында Гран-при турнирі өтіп, біздің «қанатты шаңғышыларымыз» бақ сынайды. 

Қазақстандық спортшылардың қатысуымен жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық жарыстардың бірі Польшада өткен жазғы Гран-при кезеңі болды. Оған біздің команданың үш өкілі қатысты. Бас бапкер Павел Васильевтің айтуынша, дайындық кезеңінің осы бөлігінде спортшылар айтарлықтай жақсы нәтиже көрсетті.

«Қазір негізгі құрамның үш спортшысы Румынияда жүр. Өткен демалыс күндері олар Польшада өткен жазғы Гран-при турниріне қатысты. Спортшылар жақсы нәтиже көрсетті. Илья Мизерных 18-орынға ие болды. Данил Васильев 26-орынға табан тіреді. Святослав Назаренконың нәтижесі жаман емес, бірақ біздің спортта бәрі енді ғана басталып жатыр. Алда тұтас маусым күтіп тұр», - дейді маман.

Бүгінде команданың бір бөлігі ғана шетелде. Жоғарыда аталған спортшылардан бөлек, алдағы жарыстарға екі қыз дайындалуда. Олар - Алена Свириденко мен Виктория Рулева. Бас бапкер атап өткендей, Қазақстаннан тыс жерде жаттығатындардың барлығы жақын арада түрлі жарыстарда, соның ішінде Гран-при мен Құрлықтық кубок бәсекелерінде бақ сынайды.

«Апта соңында Румынияда жаттығатын спортшылар келесі Гран-при кезеңінде бақ сынаса, кейін Германия мен Австрияға кетеді. Жалпы есебі алты рет жарыс жолына шығады. 

Қыздарымыз Алена Свириденко мен Виктория Рулева қазір Польшадағы оқу-жаттығу жиынында. Содан соң олар Құрлық кубогына қатысу үшін Австрияға жол тартады. Содан соң Швейцария күтіп тұр. 

Команданың қалған бөлігі Алматыда. Олар белсенді түрде жаттығып, дайындалуда. Бәрі жоспар бойынша өтуде», - деді Васильев.

Құрама спортшылары қарашаның басында Швейцарияда өтетін оқу-жаттығу жиынына толық жиналмақ. Жиыннан кейін жаттықтырушылар штабы спортшыларды жарыстарға бөледі. Негізгі бәсекелер әлем кубогі кезеңдері болмақ. 

«Қазіргі уақытта 8 спортшы 1-8 қазан аралығында Эстонияда өтетін FIS кубогына дайындалып жатыр Осыдан кейін біз Щучинскідегі оқу-жаттығу жиынын бастаймыз. Жақын арадағы жоспарлар – осы. 

Қараша айында әлемдік жарыстар басталады. Оқу-жаттығу жиыны Швециядаа басталады. Сол жерде кімнің қандай жарысқа қатысатынын аанықтаймыз. Бірі әлем кубогіне, енді бірі құрлық кубогі мен FIS кубогына барады», - дейді жаттықтырушы.

Өткен маусымның соңында шаңғымен секіруден Қазақстан құрамасының өкілдері айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Илья Мизерных Жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы атанса, Данил Васильев FIS кубогы кезеңінде алтын алды. 

Енді олардан жаңа маусымда жаңа жеңістер күтеміз.

Источник: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или