UFC басшысы Макгрегор – Чендлер жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

UFC басшысы Макгрегор – Чендлер жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

UFC президенті Дэйна Уайт Конор МакГрегор ұзақ уақыттық үзілістен кейінгі алғашқы жекпе-жегін Майкл Чендлерге қарсы өткізбейтінін хабарлады, екі спортшы да басқа қарсыластармен кездесетін болады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Маусым айының соңында екі салмақ дәрежесінде бұрынғы UFC чемпионы аяғын сындырып алғанына байланысты үш жылдық үзілістен кейін алғаш рет жекпе-жекке шығуы тиіс болатын. МакГрегор мен Чендлердің кездесуі UFC 303 турнирінде өтуі керек еді, бірақ турнирге екі апта қалғанда ирландиялық спортшы жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

UFC 309 турнирінде 17 қарашада Чендлер бразилиялық Чарльз Оливейрамен қарымта жекпе-жек өткізетіні белгілі болды. Spinnin Backfist-ке берген сұхбатында Уайт Чендлердің бұдан әрі күтуге ниеті жоқ екенін айтты.

МакГрегордың қарсыласы кім болатыны әлі белгісіз. Оның қайта оралуы 2025 жылға жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или