Бекзат Саттархановтың анасы: Өзбек боксшылары үйіме келіп, менен бата алып кетті
Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Саттарханова жыл сайын өзбек боксшылары шаңырағына келіп кететінін, ал қазақ боксшыларын көрмегенін айтты. Бұл туралы Nur.kz тілшісі хабарлайды.
"Өзбектерді жамандап, көре алмай жатқандар бар ғой. Көре алмаушылық деген болмауы керек. Олар біздің көршіміз. Өздерінің еңбегімен жетістікке жетіп жатқан шығар.
Әр Олимпиада алдында өзбек боксшылары үйіме келеді. Бір жылдары Икарус автобусымен түгелдей келіп, дастарханымнан дәм ауыз тиіп, менен бата алып кетті. Жыл сайын келіп тұрады, биыл да келіп кетті. Ал биыл мен өз бала-шағамды көрмедім. Мен боксшыларды бала-шағам деймін. Бақтияр Артаевтан басқа ешкімді көрмеппін. Міне, 24 жыл болды ғой", - деді Сырлыгүл Саттарханова Youtube-тағы "Уақыт көрсетеді" арнасына берген сұқбатында.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасында бокстан Өзбекстан ерлер құрамасы 5 алтын медаль жеңіп алды. Ал Қазақстан ерлер командасы 1 күміс жүлдемен оралған еді.
Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!