Ермек Маржықпаев: Жекелеген спорт түрлері бойынша нәтижені жақсарту керек

Ермек Маржықпаев: Жекелеген спорт түрлері бойынша нәтижені жақсарту керек

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев жекелеген спорт түрлеріндегі нәтижеге көңіл толмайтынын айтты, деп жазады Propsorts.kz.

«Өздеріңіз білесіздер, кеше ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Олимпиада жүлдегерлерімен кездесті. Спортшылар мен бапкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттады. Спортқа жүйелі қолдау көрсетіп, жан-жақты дамыған, салауатты ұлт қалыптастыру маңызды екенін атап өтті.

Жекелеген спорт түрлері бойынша нәтижені жақсарту керек. Біз үшін дәстүрлі саналатын спорт түрлері бар. Солардан дайындық төмен, нәтиже нашар болып шықты.

Былтыр Ханчжоуда Азия ойындары өтті. Азиадаға қатысқан спортшылардың 80 пайызы биыл Парижге барды. Ал Ханчжоудан ұлттық құраманың қандай нәтижемен келгені бәрімізге белгілі. Тарихтағы ең нашар Азиада болды. Соған қарамастан аз уақыт қалса да, жағдай жасадық. Бірақ Париждегі нәтижені өздеріңіз біліп отырсыздар»,-деді министр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или