Шавкат Рахмонов UFC чемпионы атағы үшін өтетін жекпе-жектің уақытын жариялады
Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов жартылай жеңіл салмақтағы UFC чемпионы америкалық Белал Мухаммадқа қарсы ықтимал жекпе-жек туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Менің ойымша, Белалмен жекпе-жек қиынға соғады. Кім өз стилін жақсы қолданса, сол жеңеді.
– Мұхаммедке қарсы шайқас қашан өтеді деп ойлайсыз?
- Білмеймін, кез келген уақытта дайынмын. Бәлкім, жыл соңына дейін. UFC-дің бұл жекпе-жекті қай уақытқа жоспарлайтынына байланысты. Белбеуді жеңіп алып, Қазақстанға әкелуге дайынмын», - деді Рахмонов Submission Radio-ға берген сұхбатында.
Шавкат Рахмонов ММА бойынша 18 жекпе-жек өткізіп, 18-інде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен. Белал Мұхаммад 27 жекпе-жекте 24 рет қарсыластан басым түскен.
Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!